Меню KDT

logo.png?_=1675668621

КММ "Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені"
  • kz
  • ru
  • Все новости

    "Біздің арамызда қыздар бар"


    «Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де 8-9 сынып қыздарымен мектептің медицина қызметкері Распаева А.А. қыздар арамызда әңгімесін өткізді.
    Мақсаты: ерте жүктіліктің алдын алу.
    Міндеттері: қыздарға ерте жүктіліктің салдары туралы білім беру;
    Жыныстық азғындыққа, арсыздыққа теріс көзқарас, пәктікке, адамгершілік тазалыққа оң көзқарас қалыптастыру;
    Балаларды жыныстық гигиенаны сақтауға шақыру.
    Әңгімелесу барысында «Рефлексияға арналған ақпарат» берілді. Анна Анатольевна Қазақстанда жасөспірім қыздар дамыған елдерге қарағанда алты есе жиі босанатынын айтты. Республикалық «Электронды денсаулық сақтау» орталығының мәліметінше, соңғы жылдары жүкті болу фактілері көбейген. Бүкіл әлемде жасөспірім қыздардың өлімінің себептері жүктілік немесе босану кезіндегі асқынулар болып табылады. Жыл сайын қыздар арасында 5,5 миллионға жуық түсік жасалады, оның 3,9 миллионы қауіпті, бұл ана өлімінің артуына ықпал етеді.
    Сабақ соңында қыздарға жыныстық гигиена бойынша ұсыныстар берілді.
    14.03.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Кешен Директоры Гүлинара Есламовна Распаева

    Полезные ссылки