Меню KDT

logo.png?_=1675668621

КММ "Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені"
  • kz
  • ru
  • Все новости

    «Кәсіптік бағдар беру жұмысы – бейіндік оқыту алдындағы ең маңызды шарт» атты кеңес


    «Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де 7-8-сыныптардың сынып жетекшілерімен және пән мұғалімдерімен педагогикалық психологтың «Кәсіптік бағдар беру жұмысы – бейіндік оқыту алдындағы ең маңызды шарт» атты кеңес өткізілді.
    Соңғы жылдардағы көптеген психологиялық зерттеулер жалпы білім беретін мектеп түлектерінің кәсіби болашағы туралы, мамандықтар әлемі туралы, еңбек нарығының талаптары туралы түсініктері шектеулі болғандықтан, олардың кәсіптік таңдауы бейсаналық, негізсіз, кездейсоқ болып шығатынын көрсетеді.
    Кәсіби даярлық – бейіндік білім беру жүйесіндегі қажетті және міндетті кезең, ол аяқталғаннан кейін білім алушының бейіндік білім беру бағыты мен деңгейіне қатысты өзін-өзі анықтау актісін жүзеге асыруды талап етеді.
    Осы кезеңдегі білім беру мамандарының негізгі міндеті – оқушылардың кәсіби қызмет саласын қате таңдау ықтималдығын барынша азайту және сол арқылы олардың өмірлік жоспарларын жүзеге асыру үшін қажетті оқу пәндерінің ауқымын анықтауға белсенді түрде көмектесу.
    31.01.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Кешен Директоры Гүлинара Есламовна Распаева

    Полезные ссылки